Су тасқыны

Ақтөбеде көліктер суда "жүзіп" жүр (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Күн жылып, қар ерігелі бері Ақтөбенің көшелері суға толды. Қыс бойы қардан тазартылмаған ықшамаудандардың жағдайы тіпті нашар. Қазір қала көшелерінде жүру мүмкін емес.

Тұрғындар су басқан көшелерді видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Көктем басталғалы Ақтөбенің көшелерінде жүру мұңға айналды. Қыс бойы алынбаған қар еріп, көшені су басты. Қаланың шеткі аймақтарын айтпағанда орталық көшелердің өзінде жағдай мәз емес. Мәселен, Сәтпаев, Маресьев көшелерінде көліктер суда "жүзіп" жүр.

Жалпы көктем басталса ақтөбеліктердің көретін күні — осы. Қару суы, одан қалса шұрық-тесік жол тұрғындарды әбден шаршатып отыр.

Тұрғындар жанайқайын әлеуметтік желі арқылы ғана жеткізіп жатыр.

Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Мәселен, тұрғынның бірі көлігімен судың ортасында келе жатқанын бейнежазбаға түсірген.

Балалар мектепке, балабақшаға қалай барады? Мынадай суда жүру мүмкін емес. Қаланың барлық ауданындағы жағдай осындай. Батыс-2 ықшамауданындағы көшелердің сиқы тіпті нашар. Ең болмаса суды сору керек қой. Қала емес, теңізде өмір сүретін сияқтымыз,

— дейді бейнежазба авторы.

Ал Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, қар суын арнайы техникамен тазарту тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Қаланың көше, жол бойындағы еріген қар суын шығаруға 110 ассенизатор көлігі жұмылдырылды. Сондай-ақ 10 бірлік автоцистерна және 2 жылжымалы сорғы станциясы мен помпалар, 20 бірліктен астам ауыр техника (крандар, экскаваторлар, тралдар, бульдозерлер, тиегіштер және т.б.) тартылады.

Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

"Еріген қар суына қатысты туындайтын проблемалардың бірнеше себептері бар. Біріншіден, күн күрт жылып кетіп, қар бірден көп еріген жағдайда көлшікке айналатын мол суды кетіруге кәріз жүйелері мен суағарлардың әлі келмей қалады. Яғни бәрібір ассенизатор машиналардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, суағарлар мен қабылдауыш кәріздер әлі барлық көшелерде орнатылып болған жоқ. Оларды орнату жұмыстары өткен жылы басталды. Осы жазда жалғасады, — деп жазылған баспасөз хабарламасында

Сондай-ақ жұмыс жедел жүру үшін қаланың әр түрлі аймағында еріген суды төгуге рұқсат етілген арнайы учаскелер бөлінген. Ал көп қабатты үйдің айналасындағы суға сол үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жауап береді екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров