Әйелдер

"Теңдік!". Еліміздің бірқатар қаласында әйелдер шеруге шықты (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

t.me/orda_kz

Еліміздің бірқатар қаласында әйелдер теңдік сұрап көшеге шеруге шықты. Олардың басым бөлігі қыз-келіншектердің саясатқа араласуын қолдайды.

Сонымен қатар, әйелдер зейнет жасын өзгертуді, әйел құқығының қорғалуын талап етті, деп хабарлайды Экспресс К.

t.me/orda_kzt.me/orda_kz
t.me/orda_kz

Тура төл мерекелерінде көшеге шыққан қыз-келіншектердің негізгі ұраны өздерін ошақ басынан емес, үлкен саясаттан көру. Осы мақсатта бір топ әйел Алматыдағы Құрманғазы көшесіне жиналғанын Орда Telegram-арнасында жазды. Қолдарына ұстаған плакаттарда — әйел құқығын қорғау, теңдік талап ету, саясатқа араласуға мүмкіндік беру сынды лозунгтар жазылған.

t.me/orda_kzt.me/orda_kz
t.me/orda_kz

Біраз уақыт ұрандатқан топ арасына қаланың белсенді феминистері де қосылды. Олар әйелдердің алдында сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс-талаптарын жеткізді.

t.me/orda_kzt.me/orda_kz
t.me/orda_kz

"8-ші наурыз гүл емес, теңдік берілсін". "Бүгінгі күннің ең маңызды сыйлығы патриархаттың құрдымға кетуі болар еді". "Әйелдердің орны — саясатта". "Әйел деген тек жатыр емес",

— деген бағытта қарсылықтарын айтты.

t.me/orda_kzt.me/orda_kz
t.me/orda_kz

Осылайша келіншектердің көшедегі наразылығы көпке созылмай аяқталды. Талаптарын айтқан олар үйлерінt қайтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров