Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас әйелдердің мерекесінде "артын" өртеді (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Атырауға барған белгілі әнші Қайрат Нұртас әйелдердің мерекесінде өзіне арнайы сый жасады.

Ол аяғынан жоғары мойнына дейін от қойды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші аяғынан жоғары мойнына дейін от жаққан бейнежазбасын Іnstagram-дағы сторисінде жариялады. Видеода оның етпетінен жатқанын көруге болады. Мұнан кейін белгісіз ер адам үстіне сұйықтық құйып, артынша от жағады. Лаулаған отты көп ұзамай орамалмен сөндіреді. Дәл осындай әрекетті денесінің бірнеше жеріне қайталайды.

Кейін елдің назарын аударған бейнежазбадағы әншінің бұл әрекеті ем алу мақсатында жасалған процедура екені белгілі болды. Ол от арқылы хиджама жасатқан.

Еске салайық, ЭК Қайрат Нұртастың бұған дейін Мальдив аралдарында туған күнін баларынсыз өткізгенін жазған еді. Кейін анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің арасындағы жағдайға түсініктеме берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров