Әже

Екі иығын селкілдетіп билеген 88 жастағы әжей тойды жарды (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Тойда қазақтың күйіне билеген әже көпті сүйсінтті. 88 жастағы кейуананың қимылына риза болып, пікір қалдырып жатқандар көп.

Той қонақтары әжейге ақша қыстырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео жұртты таңғалдырды. Онда 88 жастағы әже биді нақышына келтіріп орындап жатыр. Ал той қонақтары оған тамсанып, құрмет көрсетуде. Арасында әжеге ақша беріп жатқандар да бар. Той Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында болған. Бейнежазбадағы кейуананың кім екені әзірге белгісіз.

"Керемет! Апаның жасын берсін бізге!", "Әже ақша табу үшін шыққан. Ештеңесі жоқ", "Өнерді сүйген кісі жүзден асады! Жүзден ассын жасыңыз!", "Жасын сыйлаймын. Бірақ бұлай билегенше төрде әже сияқты отырғаны жақсы болады", "Әжетай, 100 жасаңыз!",

— деп түрлі пікір қалдырған желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров