Зейнетақы

Зейнетақы қорындағы шекті мөлшер қаншаға өсетіні белгілі болды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

1 сәуірден бастап Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорындағы шекті меже екі есеге өседі.

Демек зейнетақы қорындағы алуға болатын "артық ақша да" азаяды, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен жылдың желтоқсанында зейнетақы қорында қалуы тиіс міндетті салым екі есеге өсетіні айтылған болатын. Мысалы, осыған дейін зейнетақы қорында 10 миллион теңгеңіз болып, 3 миллион теңгені қалдырып, үстіндегі 7 миллион теңгесін алуға болатын болса, енді 3 емес, 6 миллион теңгені қалдырып, қолыңызға тек 4 млн теңгені ала аласыз.

Желтоқсанда бұл жаңалық қазақстандықтардың ашуын туғызып, кейін Президент өзгерісті 1 сәуірге қалдырған болатын. Осылайша келесі айдан бастап зейнатақы қорында қалуы тиіс міндетті салым екі есеге өседі. Зейнетақысын қордан шешіп алғысы келетін жұрттың қарасы әзірге көбеймеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров