Facebook

Қазақстанда Facebook пен Instagram бақыланатын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Facebook, Instagram секілді әлеуметтік желілердің Қазақстан бойынша өкілдері тағайындалады. Бірақ олар әлемнің кез келген жерінде отыра алады.

Бүгін Мәжілісте кибербуллингке қарсы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Экспресс К.

Заңдағы тиісті түзетулерге сәйкес, қолданушылар саны 100 мыңнан асатын әлеуметтік желілер өз өкілін бекітуі керек. Сосын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ол өкілдермен кибербуллинг мәселелері бойынша байланыста болады.

"Қазақстанда ірі әлеуметтік желілердің өкілдіктері ашылмайды. Есесіне, оның орнына өкілдері тағайындалады. Өкілдер әлемнің кез келген жерінде тұра алады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Facebook, Instagram сияқты ең ірі әлеуметтік желілермен келіссөз жүргізілді. Алдын ала Гонконгте өкілдер анықталды. Ақпарат министрлігі олармен байланыста", — дейді депутат Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, министрліктің шарттарына келіскен платформалар арасында Facebook, Instagram және LinkedIn желілері бар.

Енді Мәжілістен қолдау тапқан заң жобасы Сенатта қаралады. Кейін Президент қол қойып жатса, ата-ана баласы әлеуметтік желіде қудалауға ұшырағанын айтып, шағымдана алады. Ал ведомство үш күн ішінде тиісті шара қабылдауға тиіс.

Бұған дейін осы заңға бастамашы болған депуаттың бірі Айдос Сарым желіде дұрыс түсінбей сынағандар кешірім сұрасын деп айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров