Ене мен келін

Келініне ағылшын тілінде бата берген ене көпті таңғалдырды (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Жаңа түскен келінге ағылшын тілінде сөйлеп, ақ тілегін жаудырған ана жұртты таңғалдырды.

Келін түсірген әйел 40 жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғанын алға тартып, босаға аттаған бойжеткенге өзінің жолын тілейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда отқа май салу рәсімін көруге болады. Бөлмеге адыраспан тұтатып, алып келген ана жас келін мен шаңырақ көтерген жігітке батасын береді.

"Мен 40 жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болдым. Ағылшынша сөйлеймін. Бақыт тілеймін, тәп-тәтті ұл мен қыздарың көп болсын", — дейді ана ағылшын тілінде. Кейін жас келін отқа май салады.

Видеоны көрген желі қолданушылары келін түсірген әйелдің ағылшын тілінде еркін сөйлегеніне таңдай қақты.

"Апам мықты", "Мына кісінің қасында ағылшынша сөйлеуге ұялып қаласың ғой", "Базар жоқ ене екен", "Үйде келін мен енесі ағылшын тілінде сөйлесіп, басқалары дым түсінбейді дейсің ғой", "Жастар бақытты болсын", "Позитивті ана екен" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров