СІМ

СІМ Геннадий Зюгановтың Қазақстан туралы мәлімдемесіне жауап берді

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Коммунистік партиясының басшысы Геннадий Зюгановтың Қазақстан туралы мәлімдемесіне жауап берді.

Оның айтуынша, Зюгановқа қарсы ешқандай ресми наразылық болмайды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Геннадий Зюганов — Ресей Коммунистік партиясының басшысы. Олар өзін билікке қарсы оппозициямыз дейді. Сондықтан олардың мәлімдемелері мен пікірі ресми биліктің ұстанымынан бөлек болуы мүмкін. Дегенмен біздің тараптан Геннадий Зюгановқа қарсы ешқандай ресми наразылық болмайды", — деді министр.

Оның айтуынша, ресейлік депутаттың видеосы ешқандай федералдық телеарнадан көрсетілген жоқ.

Президент іссапармен Мәскеуге барғанда Қазақстанның территориялық тұтастығына еш қауіп жоқ екені ең жоғарғы деңгейде айтылды. Ал Зюгановтың бұл екі ай бұрынғы видеосы әлеуметтік желіде енді тарады. Бұл — қазіргі ақпарттық соғыстың бір парасы,

— деді Сыртқы істер министрі.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, еліміздің солтүстік аймақтарына Ресейден келетін қауіп жоқ.

Қазақстан мен Ресей арасында тиісті құқықтық база бар. Шекарамыз делимитациядан өткен. Ал қазір демаркация процесі өтіп жатыр. Демаркация дегеніміз — шекарамызды шегендеп анықтау, белгілеу. Бұл процесс 2-3 жылда бітеді,

— деді Сыртқы істер министрі.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Зюганов, Жириновскийлерді 2070 жылға дейін Қазақстанға кіргізбеу керек деп мәлімдеген еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров