Самұрық-Қазына

Халықтың жағдайын жақсарту үшін "Самұрық-Қазынада" айлық өседі

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Үкімет отырысында халықтың табысын арттыру бағдарламасы қаралды.

Жиын барысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қор құрамына кіретін компанияларда айлық өсетінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бірінші кезекте өндіріс саласында істейтін қарапайым жұмысшылардың жалақысы өседі. Мәселен, "ҚазМұнайГазда" айлық 30 пайызға, "Қазақстан темір жолында" 32 пайызға, "ҚазПоштада" 25 пайызға, ал "Қазақтелекомда" 50 пайызға артты,

— деді Алмасадам Сәтқалиев .

Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық қорымен жұмыс істейтін мердігер компаниялар да жұмысшылардың айлығын көтеретін болды.

Сатып алулардың жаңа тәртібі енгізілді. Оған сәйкес "Самұрық-Қазынамен" жұмыс істегісі келетін мердігерлерге ең төменгі айлық талабы қойылды. Ал өз жұмысшыларына көп айлық төлейтін мердігерлерге тендер барысында жеңілдіктер беріледі,

— деді Қор басшысы.

Біз бұған дейін "Самұрық-Қазына" пайдасын халыққа таратып берсе бір адам қанша теңге алатынын есептеп шыққан едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров