Төбелес

Ақтауда түн ішінде жаппай төбелес болды (видео)

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Ақтаудағы ықшамаудандардың бірінде төбелес болып, бейнежазбаға түсіп қалды. Әзірге оқиғаға қатысқандар туралы ақпарат жоқ.

Төбелес мейрамханада болып, бір адамды бірнешеуі жабылып ұрған, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде тараған бейнежазбада 7 және 7А ықшамаудандары аралығындағы жол үстіде бір топ адамның төбелесіп жатқаны байқалады. Түсіріп тұрғандар соққының астында қалған адамға жанашырлық танытып жатады. Алайда төбелеске қатысқандардың кім екені әзірге белгісіз. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысты қысқа ғана пікір білдірді.

Ескерту: видеода бейпіл сөздер кездеседі!

"Қазір оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", — дейді Маңғыстау облыстық ПД ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров