Қару

Алматыда пышақ ұстаған жігіт автобустағы адамдарды қырып жібере жаздады (видео)

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Сұмдық жағдай түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Онда қоғамдық көліктегі адамдарға жас жігіттің пышақ ала жүгіргені анық байқалады.

Ол автобустағы жолаушыларға тап беріп, "өлтіремін" деп қорқытқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға аялдамада басталған. Автобус келіп тоқтаған сәтте оған әлдебір келіншек жүгіріп кірген. Ізінше суық қару ұстаған жігіт ішке еніп, ұрыс басталған.

Қоғамдық көліктегі ер азаматтар бұзақыны тыныштандыруға күш салып, қолындағы пышағын алып қоймақшы болған. Содан еркектер арпалысып, автобусты басына көтерген. Бұл шудан, әсіресе, әйелдер мен кішкентай балалар қатты қорқып қалыпты.

Әзірге бұл оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Себеп-салдарын анықтау үшін бейнежазба полицияға жолданды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров