Кәрім Мәсімов

Мәсімовтің үйінен табылған миллиондар мен қымбат көліктердің суреті жарияланды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Коллаж ЭК

ҰҚК экс-төрағасы, қазір қамауда отырған Кәрім Мәсімов жоғары лауазымды қызметтерді атқару барысында түрлі қылмысқа барған. Оған мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Қазақстандағы беделді тұлғалардың бірі саналатын одан миллиондаған АҚШ доллары мен құны өте қымбат түрлі мүлік тәркіленген, деп хабарлайды Экспресс К

Кәрім Мәсімов

ҰҚК ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдіктерден жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде құнды бұйымдар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу деректері бар.

ҚР ҰҚК

Атап айтқанда, Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымында жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Осы қаражат Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылды.

ҚР ҰҚК

Сонымен қатар, Мәсімов премьер-министр лауазымында болған кезде бизнесмендердің бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу дерегі бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҰҚК

2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар — элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқа да бұйымдар табылған.

ҚР ҰҚК

Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автокөлік тәркіленген.

ҚР ҰҚК

Сондай-ақ, оның Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматыдағы 2 пәтер мен зәулім сарайына, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағындағы көлдің жағасындағы аумағы 1 гектар жер теліміне шектеу салынды.

ҚР ҰҚК

Мәсімовке жақын адамдардан 5,1 миллион АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды. Сонымен бірге Мәсімов пен оның айналасындағылар шет ел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

ҚР ҰҚК

Барлық көрсетілген дерекке қатысты тергеу шаралары жалғастырылып жатыр.

ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров