Amanat

Белгілі журналист AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды

Экспресс К

Ринат Кертаев / "Хабар" Агенттігі" АҚ

Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Бұл туралы ақпарат AMANAT партиясының Twitter парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды,

— делінген хабарламада.

Ринат Кертаев бұған дейін "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды. Ол 1983 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Қоғаммен байланыс" мамандығы бойынша бірінші жоғары білімін алған. Екі жылдан кейін сол жерде "Журналистика" мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

Ринат Кертаев кәсіби жолы 2006 жылы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламала редакциясы бағдарламалар дирекциясының продюсері ретінде басталды. Үш жылдан кейін ұқсас лауазымға бағдарламалар өндірісі бөліміне ауысты.

Әрі қарай "Хабар" телеарнасының жаңалықтар бөлімінде ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редактор-талдаушысы қызметін атқарды. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Бағдарламалар дирекциясында бас продюсер болып жұмыс істеді, содан кейін бағдарламалар өндірісі бөліміне ауысты.

2016 жылға дейін телеарна бағдарламаларын өндіру дирекциясының бас продюсері болды.

2016 жылдың шілде айында "Хабар" телеарнасын басқарды. Сол жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2018 жылдың тамыз айында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылы Ринат Кертаев "Құрмет" орденімен марапатталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров