Өрт
Алматыда өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды


Видеодан кадр
Алматы облысының Панфилов ауылында жеке тұрғын үй мен монша өртенді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Экспресс К.
Өрт сөндірушілер шақыру орнына жеткенше ағаштан салынған үй мен монша толығымен өртеніп кеткен. Өрт сөндіру кезінде 1968 жылы туған әйелдің мәйіті табылды,
Өрт 14.29-да сөндірілген. Жалын 175 шаршы метр жерді шарпыған.
Өрттің себебін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасы анықтауда.
Бөлісу