Нәресте

Шымкентте көшеден тастанды нәресте табылды

Экспресс К

instagram

Шымкенттің жедел жәрдем қызметкерлері тастанды нәрестені құтқарып қалды.

Бұл туралы қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Тұрар Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем колл орталығы жанында тастанды нәресте табылды, нәрестені сол маңайдағы адамдар көріп қалып, колл орталыққа алып келген,

— деп жазды Бақытжан Позилов.

Өте ауыр дәрежедегі нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп аман алып қалған.

Алғашқы медициналық көмектен кейін шақалақ ауруханаға жеткізілген. Ұл бала, салмағы 3 келі. Туғанына шамамен екі тәулік болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров