Депутаттар

Тағы бір депутат Мәжілістен кету туралы өтініш берді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжілістің қарауына енгізілді.

Депутат Зүлфия Сүлейменова Орталық сайлау комиссиясына өз өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жіберді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Мәжілісінің депутаты Зульфия Болатқызы Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деген шешімге келді", — делінген ресми хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжілістің қарауына енгізді.

Бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеген екі депутат Мәжілістен кеткені туралы Экспресс К жазған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров