Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ үкіметімен салық тәртібі туралы келісімді ратификациялады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Экспресс К.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды,

— делінген хабарламада.

Жаңа заң бойынша, Қазақстан АҚШ-та есепшот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты ала алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров