Парламент

16 наурызда Президент көптен күткен саяси реформаларды жариялайды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Жиын 16 наурыз күні өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда, сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", — деп жазылған өкімде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа жолдауын жасайтынын айтқан еді. Жолдауда жаңа саяси реформалар туралы, Қазақстанның алдағы даму жоспарлары қамтылмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров