Утилизациялық алым

Утилалыммен айналысқан компания басшылығы қанша ақша жымқырғаны айтылды

Экспресс К

Pixabay

"ӨКМ Операторы" компаниясының бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

"ӨКМ Оператор" компаниясының бұрынғы Бас директорын 2016-2021 жылдары көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам ақшасын жымқырды деген дерегін тексереді.

"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның бұрынғы Бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды. Бұған дейін "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады" деген күдікпен экология Вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" компаниясының басқарма төрағасы ұсталған еді. Тергеу жалғасуда,

— делінген хабарламада.

Бұған дейін бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры Медет Құмарғалиев ұсталған еді.

Ал елімізде утилизациялық алымға жауапты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр барлық жауапкершілікті мойнына алып, өзінің отставкасы туралы айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров