Иманғали Тасмағамбетов

Бас прокуратураның тергеу тобы Иманғали Тасмағамбетовті тексеруді бастады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Иманғали Тасмағамбев

Бұл туралы ақпарат бірнеше Telegram каналдарда шықты.

Экспресс К тілшісі Бас прокуратураның Баспасөз қызметіне хабарласып ақпаратты растауды, не жоққа шығаруды сұрап көрді, алайда ресми жауап жоқ.

Telegram каналдардың хабарлауынша, Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел тергеу тобы Иманғали Тасмағамбетовті тексеруді қолға алған.

Иманғали Тасмағамбетовтің Алматы мен Астана қалаларының әкімі, сонымен қатар Қорғаныс министрі болған кезде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға қатысы бар-жоғы туралы бірқатар ақпарат тексерілетін болады,

— делінген хабарламада.

Бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов елге үндеу жасаған еді. Ал "LRT ісіне Тасмағамбетов пен Мәсімовтің қатысы бар" деп экс-шенеунік ағынан жарылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров