Кино

Қазақстанда голливудтық компаниялар жұмысын жалғастыра ма?

Ержан ШАЙЖАН

Pixabay

Министр Дәурен Абаевтың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі кинопракат мәселесі талқыланды.

Шетелдік компаниялармен келлісөз кеше өткен болатын. Оған отандық компаниялардың басшылары мен шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстанда голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі оң шешілетін болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жазылды.

Нәтижесінде, Голливудтың үш студиясы — Universal Pictures, Warner Bros және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады. Ал Walt Disney Company және Sony компанияларымен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ресейге салынған санкциялардың кесірінен еліміздегі ең ірі кинотетарлар желісі жабылғанын Экспресс К бұған дейін жазды. Өйткені, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров