Украина

Украинада Қазақстанның 1,5 мың жүк вагоны қалып қойған

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Украинада әртүрлі Қазақстандық компанияларға тиесілі 1457 жүк вагоны қалып қойды.

Оларды елге қайтару үшін ҚР Үкіметі жұмыстанып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Украинада Қазақстандық 1457 жүк вагоны тұр. Қазір оларды қақтығыс болып жатқан Украина аумағынан шығарып, қауіпсіз елге жеткізу керек.

— Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ИИДМ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан "Жедел желілер" ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі.

Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын айта кету керек. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров