Украина

Украинаның Еуроодаққа мүше болуы жайы сөз болды

Фархат ӘБІЛОВ

©AP/Pascal BASTIEN

Еуроодаққа мүше елдердің президенттері Украинаны одақ қатарына енгізуге келісімдерін берді.

Қақтығыс болып жатқан Украинаны Еуроодаққа қабылдау процессі басталып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жаңалықты Литва президенті Гитанас Науседа хабарлады. Оның айтуынша, бес сағатқа созылған кездесуден кейін, осындай шешім қабылданған.

— Украинаны Еуроодаққа мүшелігіне қабылдау жұмыстарын бастадық. Енді оны жеделдетіп аяқтау өзара біз бен украиналықтарға байланысты, — деп жазды өзінің Twitter парақшасына Гитанас Науседа.

Соғыс басталған кезде Украина ЕО-ға мүше болу үшін өтінім берген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров