Қызылорда облысы

Қызылордада полиция офицері жаяу жүргіншіні көлікпен қағып өлтірді

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

35 жастағы ер азаматты автокөлігімен жазым қылған полицей оқиға орынынан қашып кеткен.

Қайғылы жағдайға әкеп соққан жол апаты Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында болған, деп хабарлайды Экспресс К

Көше бойында кетіп бара жатқан жаяу адамды көлік қағып кетеді. Соның салдарынан 35 жастағы азамат көз жұмған. Ал көлік жүргізушісі сол жерден бой тасалаған. Кейін күдіктінің аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін аға лейтенант екені белгілі болған. Осыған қатысты полицей жұмысынан қуылып, қазір қылмыстық іске тергеу басталды. Аға лейтенант уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Бұл дерек бойынша ҚК-нің ​ 345 — бабы​ (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы бойынша (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) тергеу жүргізіліп жатыр,

деп мәлімдеді ПД-нің баспасөз қызметіндегілер

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров