Трансгендер

Атышулы Нико транс деген анықтамасын көрсетіп, ауру екенін айтты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

instagram.com/niko_nett

Атышулы Нико оқырмандарына трансгендер екенін дәлелдейтін анықтама алғанын айтып мақтанды.

Өз сөзінде ол енді психикалық ауытқуы бар адам қатарына жататынын алға тартты, деп хабарлайды Экспресс К.

Нико ТікТок парақшасына кезекті бір видео салып, жұртты таң қалдырды. Бейнежазбада ол қолындағы қағазын көрсетеді.

"Мен қатты таң қалып отырмын. Мынау не деп ойлайсыздар? Мен трансген екенімді көрсететін анықтама алдым. Енді психикалық ауруы бар адаммын, транс қызбын. Диагноз — F64", — дейді ол.

Видеодадан Никоның қолындағы қағаздың анықтама екенін, онда мәскеулік дәрігерлердің мөрі мен қолы қойылғанын көруге болады. Ал диагнозы — транссексуализм деп көрсетілген.

Желі қолданушыларының кейбірі бұл анықтама қолдан жасалған деп сенімсіздік танытты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров