Шәкен Айманов

Шәкен Айманов әйгілі актерден жіберген есесін қалай қайтарған?

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Шәкен Айманов

Әлеуметтік желіде актер, режиссер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шәкен Аймановтың өміріне қатысты қызық дерек шықты. Оны желіде режиссер әрі сценарист Жандос Құсайын әңгімеледі.

Бейнежазбада Аймановтың актер Раднэр Муратовқа шахматтан кеткен есесін қалай қайтарғаны туралы айтылған, деп хабарлайды Экспресс К

Раднэр Муратов/Видеодан кадрРаднэр Муратов/Видеодан кадр
Раднэр Муратов/Видеодан кадр

Раднэр Муратов көрермендерге "Джентльмены удачи" фильміндегі Василий Алибабаевичтың рөлі бойынша жақсы таныс. Ол бұл картинаға түспес бұрын Аймановтың "Атмекен" фильмінде эпизодта ойнаған. Түсірілім арасындағы үзілістің бірінде Муратов пен Айманов шахматтан өзара мықтыны анықтайды. Шәкен Кенжетайұлы ойын басындағы 3 партияда жеңгенімен, кейін қатарынан 11 партияда ұтылып қалады. Сөйтсе Раднэр Муратов сол заманда Ленинградтағы 5 үздік ойыншының қатарында екен. Осыдан соң Шәкен Ойманов жеңіліп қалғанына қаты қапаланыпты.

Кейін фильм түсірілімі аяқталған соң Раднэр Муратов Аймановтан кешірім сұрап, титрда фамилиясын жазуға ұмытып кетпеуін өтініпті. Бірақ "Атамекен" кинотеатрларда көрсетіле бастаған кезде актер өзнің аты-жөнінің жоқтығын байқап қалыпты. Сөйтсе, әртіске есесі кеткен Айманов одан кегін алу үшін басқаша қадамға барған. Көркем туындының бір эпизодында кейіпкер майдан даласында қайтыс болған әкесін іздеп, бірнеше жауынгер жерленіп, басына орнатылған құлыптасқа барады. Қызығы сол Муратовты сол құлпытаста жазылған қайтыс болған жауынгерлердің қатарына енгізіп жіберген. Сөйтіп, Шәкен Айманов өзін ұтып кеткен актерді осылай қатырған екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров