Кәрім Мәсімов

Мәсімовтің үйінен тәркіленген ақшамен халықтың несиесін жабу керек – әнші

Олжас НҰРЖАҚЫП

Кәрім Мәсімов / Нұрлан Албан 

Белгілі әнші Нұрлан Албан бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, бірнеше айыппен қамауға алынған Кәрім Мәсімовке шүйлікті. Ол тексеру нәтижелері кезінде экс-төраға үйінен табылған 17,2 миллион доллар қаржыны халықтың несиесін жабуға жұмсау керек деп отыр.

Бұл туралы әнші Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Мәсімовтың тәркіленген дүние-мүлкі мен ақшасын қарапайым халықтың кредитін жабуға жұмсасын,

— деп жазды Нұрлан Албан.

Әншінің бұл жазбасына әлеуметтік желі қолданушылары да жаппай пікір қалдыруда. Басым бөлігі қолдаса, өзгелері тек несие емес, елдің тұралап тұрған экономикасын ілгерілетуге, әлеуметтік нысандар салуға жарату керек дегенді алға тартуда.

"Өте дұрыс айтады, кредит деген иттен құтқарсын". "Кредиттің пайызын төлесін ең болмаса". "Неге кредит жабу керек? Мектеп салынсын, тұралап тұрған медицина саласын дұрыстасын". "Сыртқы қарызды жапсын". "Не болсада халықтың игілігіне жұмсаса болды",

— деп жазды желідегі жұрт.

17,2 миллион долларды теңгеге шаққанда шамамен 8 837 532 000 шығады. Әрине көзге қомақты қаражат болып көрінгенімен, халықтың триллиондаған несиесін жабуға жетпейді. Бірақ 450-ге жуық көпбалалы отбасыны 1 бөлмелі баспанамен қамтуға болады екен.

krisha.kzkrisha.kz
krisha.kz

Мысалға ең ірі мегополис Алматы қаласында 2016-2017 жылы салынған тұрғын үй кешенінен 40 шаршы метр 1 бөлмелі пәтерді 19-20 миллион теңгеге сатып алуға болады. Ал елордамызда еш жөндеуді қажет етпейтін 1 бөлмелі пәтер бағасы шамамен 15 миллион теңгеден басталады.

krisha.kzkrisha.kz
krisha.kz

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров