Шетелдіктер

Ақтөбеде екі шетелдік жол бойында өліп қала жаздады

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Ақтөбелік полицейлер екі шетелдік азаматты өлім аузынан құтқарып қалды.

Жолға шыққан Тәжікстанның екі азаматы көлік ішінде уланып қала жаздады, деп хабарлайды Экспресс К.

Тоғызыншы наурыз күні Тәжікстанның екі азаматы "Газель" автокөлігімен Ақтөбе қаласынан Әлімбет шекара бекетіне қарай жолға шығады. Алайда шекарадан өте алмағандықтан Ақтөбеге кейін қайтпақ болады. Осы кезде боран соғып, аз күшейеді.

Ал қаладағы туыстары екі азаматпен қайта-қайта хабарласып отырады. Алайда біршама уақыт өткен кезде байланыс үзіледі. Уайымдаған туыстары 102 телефонына қоңырау шалды.

Патрульдік полиция ротасы дереу хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге кірісті.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері бүгін түнде солтүстік айналма жолдың он екінші шақырымында, яғни "Исламбұлақ" кемпингінің тұрағында екі азаматтың көлігін тапты. Жүргізуші мен жолаушы көліктің ішінде газға уланып, ұйықтап қалған.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлерді шақырды. Бірін жедел жәрдем көлігіне жатқызса, екіншісін қызметтік көлікпен ауруханаға апарды. Қазіргі таңда екі азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция қызметкерлері жолға шыққан кезде сақ болуды ескертеді. Көлікке түнеген кезде салонды қайта-қайта жылытып, ал ұйықтайтын кезде моторды сөндірген жөн.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров