Ұлттық банк доллар тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады


elements.envato.com
Әлеуметтік желіде Қазақстанда қолма-қол доллардың бітіп қалғаны және банктер теңгені долларға айырбастаудан бас тартып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Қазақстан Ұлттық банкі алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ұлттық банк елімізде шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлады.
Халық тарапынан сұраныстың өсуі, сондай-ақ Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық кедергілерге байланысты қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде қиындықтар туында отыр,
Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі — Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатыр.