Ninety One

Ерболат Беделхан Ninety one тобынан бас тартты

Лаура БИҒАЛИ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Себебі, атышулы топ пен белгілі продюсер Ерболат Беделхан арасындағы шығармашылық көзқарас екіге айырылған.

Бүгін Ерболат журналисттерді жинап алып, сегіз жыл продюсерлік еткен "91 тобынан" не үшін бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Топ пен Juzz Entertainment компаниясы арасындағы келісім шарт қыркүйек айында аяқталуы тиіс екен. Алайда продюсер мерзімінен бұрын топтан бас тартып отыр. Беделханның айтуынша, топтың талабы да, шығармашылық көзқарасы да қатты өзгерген. Продюсер бренд болып қалыптасқан топты осыдан былай өз қамқорлығына алғысы жоқ.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Бұл аяқ аястынан шығарылған шешім емес. Жігіттермен жарты жылдай талқыладық. Себеп көп. Соның бірі шамамен үш жылға созылған пандемия, карантин әсер етті. Осы уақытқа дейін топ мүшелері орындап жүрген әндері, бейнебаяндары барлығы өздерінде қалады. Репертуарларындағы әндерін тартып ала алмаймын. Барлық құқық топ мүшелеріне тиесілі. Енді олар өздері продюсерсіз күн көреді", — дейді Ерболат Беделхан.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Топ мүшесі Zaq өздерінің осындай таңдау жасағанына еш өкінбейтінін айтты. Керісінше, топ әрі қарай шығармашылықтарын дамытпақ. Топтың киім кию стилдері де, ән айту бағыты да еш өзгеріссіз қалады.

"Біз болашақта продюсермен жұмыс жасаймыз. Топ бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Болашақта АҚШ-қа баруды жоспарлап отырмыз", — дейді Zaq.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров