Тастанды бала

Шымкенттік дәрігерлер көкек ана көшеге тастап кеткен сәбидің жағдайын айтты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

elements.envato.com

Шымкенттік ақ халаттылар кешкі уақытта көшеден табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты.

Қазіргі таңда полицейлер көкек ананы іздеп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Дүниеге келгеніне шамамен 4-5 күн болған сәби "Асар" ықшамауданындағы балалар ауруханасында жатыр.

"Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестенің жағдайы орташа. Салмағы 3200 гр. Температурасы қалыпты. Жағдайы тұрақталған соң мамандандырылған бөбектер үйіне жеткіземіз", — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицейлер баласын тастап кеткен безбүйрек ананы іздестіріп жатыр.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-бөлігімен (Қауiптi жағдайда қалдыру) тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нәрестенің анасы мен осы оқиға куәгерлерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", — деді Полиция департаментіндегілер.

Экспресс К бұған дейін Шымкентте Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелері қиылысындағы кофехана маңынан тастанды сәби табылғаны туралы жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров