Түлкі

Елордада түлкі екі адамды талап тастаған

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Видеодан кадр

Оқиға елорданың сол жағалауындағы көшелерідің бірінде болған.

Қазіргі кезде жануар екі әйел адамның аяғын тістеп, жарақаттап үлгерген, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сай, түлкі 8 наурызда екі адамның аяғын тістеген. Кейін екеуі трампунктен бір-ақ шыққан.

Есіл ауданының учаскелік полиция инспекторынан қала орталығында түлкілер жүр деген ақпарат келіп түскен. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аталған аумақты қарап шықты, алайда ешқандай жануар таппаған.

"Қазіргі кезде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарайтын ұйымдарының күшімен қаланы тексеріп жатырмыз. Елорда тұрғындарын жабайы және қараусыз жүрген кез келген жануарлардан аулақ болуға шақырып, ақпарат болса +77771823901 телефонына хабарласуды сұраймыз", — деп жауап берді аталмыш Комитет.

Біз бұған дейін Есіл өзенінде америкалық қаракүзен жағалап жүргені туралы да жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров