Сериалдар

"Еңіреп жыладым". "Аппақ келін" веб-сериалындағы актриса ең қиын сәттерін айтты

Лаура БИҒАЛИ

© SSM

Бүгін Salem social media түсірген "Аппақ келін" атты жаңа веб-сериалдың тұсаукесері өтті.

Видеохикаядағы оқиғалардың 50 пайызы шынайы өмірден алынған, деп хабарлайды Экспресс К.

Веб-хикая қазақ отбасына келін болып түскен афро-америкалық Лия жайлы. Шетелде білім алған қазақ жігіті Аңсаған африкалық қызды бір көргенде сұлулығына көзі түсіп, ғашық болады. Көп ұзамай Аңсаған Лияға үйленеді. Ал қарадомалақ Лияның болашақ енесі сол ауылдың "генерал келіні" деген атақ-абыройға ие. Оның үстіне генерал келін салт-дәстүрді берік ұстанады.

© SSM© SSM
© SSM

"Аппақ келін" жобасында басты рөлді сомдаған Лияның шын есімі Фатима Кулибали. Жасы 27-де. Алматы қаласының тумасы. Негізігі мамандығы — модель. Бірнеше компанияда жұмыс істеген. Фатиманың бұл кинодағы алғашқы рөлі екен. Басты рөлді сомдау модель қызға оңайға соқпаған.

"Мен бұрын-соңды қазақтың келін түсіргенде жасалатын беташар салтын көрген жоқпын. Мен үшін бұл таңсық дүние болды. Сағат алтыдан тұру, сәлем салу және аула сыпыру да оңай емес. Қазақтың келіндері мықты. Сериалда инабатты келіннің рөлін сомдаймын. Өмірде мүлдем басқа адаммын. Еркін өскен қызбын. Айтатын ойым, жүріс-тұрысым да бәрі еркін. Түсірілім жұмыстары кезінде енем маған қатты ұрсып тастайды. Сол кезде еңіреп тұрып жыладым. Содан түсірілім жұмыстары біткеннен кейін де жылай беріппін", — дейді Фатима Кулибали.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Ал ененің рөлін белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова сомдайды. Ол бұл жолы өзін басқа қырынан ашқанын айтады.

"Маған ененің рөлін ойнау қиын емес. Бірақ осы сериал тек комедия емес, драмалық элементтерге толы болғаннан кейін эмоциямен көп жұмыс істеу керек болды. Менің кейіпкерім — ауыл келіндерін 30 жыл басқарған, жұрттың пікірімен өмір сүретін генерал келін. Баласы Америкадан афро-келін алып келгеннен кейін бұл байғұс "абыройыма нұқсан келеді" деп келінді құртумен арпалысып өтеді. Демек кейіпкерге отбасынан атақ-абыройы маңызды болып тұр. Енді атағын таңдай ма, әлде отбасын таңдай ма оны сериалдан көрерсіздер. Өзіме қатты ұнаған сериал болды. Сериалға түсу барысында өзім сценарийді қайта-қайта оқып, немен бітеді екен деген қызығушылықпен болдым", — дейді Жанар Айжанова.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Басты рөлдерді Данагүл Темірсұлтанова, Абай Асылхан, Қанат Әлжапбаров, Фатима Кулибали, Индира Сабирова, Азат Сейтметов сомдайды.

"Біз жоғары сападағы комедия түсіруді мақсат еттік. Веб-сериал әлеуметтік тұрмыстық тақырыпты жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік берді", — дейді Salem social media компаниясының бас продюсері Қуат Садықов.

"Аппақ келін" веб-сериалын бүгіннен бастап YouTUBE және Aitube платформасынан екі бірдей бөлімін тамашалай аласыздар. Сериал 12 бөлімнен тұрады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров