Эпидемиология

Қазақстанда Ashyq қосымшасын пайдалану тоқтатылды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Енді Қазақстанда ашық ауада маска тағу және "сары", "жасыл" аймақтарда Ashyq қосымшасын пайдалану міндетті емес.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай шешім қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Эпидемиологиялық қауіптің "сары" және "жасыл" аймақтарда барлық нысанда: "Ashyq" мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар, міндетті термометрия алынып тасталады;

Барлық аймақта ашық ауада маска тағу міндетті емес;

COVID-ке қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге күндізгі режимде жұмысқа баруға шектеу қойылмайды;

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу алынып тасталды.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды вакцинациялау мен қайта вакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Қазіргі уақытта елдің барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров