Жемқорлық

Бюджеттен 400 миллион теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Оралда 399 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Тергеу барысында "Электромонтаж" АҚ филиалының директоры Б.У. Сәрсенбаев және "Орал қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысының орынбасары А. Е. Исмановтың қылмыстық іске қатысы бар екені анықталған.

Сондай-ақ Орал қаласының ЕТЖ "А" тұрғын ауданын электрмен жабдықтау" объектісінде құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған ақшаның ұрланғаны белгілі болды.

Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденді. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары А.Е. Исманов мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып әрі қарай 2 жыл бас бостандығынан шектетелді. Ал оның серіктесі Б.У. Сәрсенбаев 2 жыл қамауға алынып, ұйымдарда және коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров