Қазақстан

Қазақстан АҚШ-пен консультация өткізді

Экспресс К

© ҚР СІМ баспасөз қызметі

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін қазақстандық-америкалық онлайн консультациялары өтті.

Консультацияларға Қазақстан атынан мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың 80-ге жуық өкілі қатысты, деп хабарлайды Экспресс К.

Америкалық тарап АҚШ-тың Ресейге қарсы жақында енгізілген санкциялары туралы және сауда-экономикалық, банк-қаржы және энергетика салаларындағы жаңа санкциялар шектеулерінің ерекшеліктері туралы айтты,

— делінген СІМ таратқан хабарламада.

Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасы үшін АҚШ-тың санкциялық саясатының болжанбаған салдарларын болдырмау үшін консультацияларды жалғастыруға келісті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров