Қылмыскер

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Халықаралық іздеуде жүрген үш қылмыскердің бірі – шетелдік.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, "Іздестіру" операциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Аталған шара 18 наурызға дейін жалғасады.

"Полиция қызметкерлері екі күнде​ хабар-ошарсыз кеткен 2 адамды тауып, сот үкімімен халықаралық іздеу жарияланған 3 қылмыскерді қолға түсірді. Халықаралық іздеуде болғанның біреуі — Өзбекстан Республикасының 33 жастағы азаматы. Оған қатысты​ 2019 жылы Ресей Федерациясы ІІМ РФ Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғаған", –деп хабарлады​ департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкерлері ұстаған шетелдік​ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров