Ережесіз жекпе-жек
Асу Алмабаев Brave CF 57 турнирінде әзірбайжандық файтерді жеңді


Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (14-2) Бахрейнде аралас жекпе-жектен Brave CF 57 турнирінде өнер көрсетті.
Ол жеңіліп көрмеген әзірбайжандық Имран Магарамовпен (4-0) кездесті, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Асу жеңіске жетті.
Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дағы кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Имран Магарамов алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Бұл Алмабаевтың қатарынан он бірінші жеңісі. Бахрейндік Хамза Коеджи (11-2) және канадалық Брэд Катона (10-2) Brave CF 57 турнирінің басты айқасында шайқасады.
Бөлісу