Қарулы күштер

Қазақстан әскери даярлықты күшейтті

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына өзгерістер енгізілуде.

Бұл жайлы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Экспресс К.

Ведомстваның хабарлауынша, Қазақстанның Қарулы күштерінде роталар мен батареяларды жауынгерлік үйлестіру кезеңі басталды. Мұның соңғы кезеңі роталық тактикалық оқу-жаттығулардың жауынгерлік атыс жаттығуларымен аяқталады.

Мемлекеттік басшысының жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бас штабта Қарулы күштердің жауынгерлік оқу процесін реттейтін құжатты қайта өңдеуді жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров