Мектеп

Мұғалімді балағаттаған оқушының әрекеті елдің ашуын келтірді

Экспресс К

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде мұғалімге дауыс көтеріп, балағаттаған оқушының видеосы тарап кетті.

Аталған видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Кейбір ақпараттарда оқиға Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде болғандығы, ал тәрбиесіз оқушының 9 сыныпта оқитыны айтылуда.

Мектеп оқушысының дөрекі әрекетін көпшілік қатаң сынады.

"Маскара, "Бала берсең сана бер.. Сана бермесең ала бер" деген осы балаға айтылған ғой", "Ауру ғой мына бала", "Отбасында көрген тәрбиесі ғой. Болашақтан анасы бұдан қандай мейірім күтеді", "Тəрбиеден жұрдай ит қой" деген түрлі ашулы пікірлер жазылуда.

Ескерту: видеода бейпіл сөздер кездеседі!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров