Қазақстанның жерін Лениннің арқасында алдық деген депутат тағы пікір білдірді

Ержан ШАЙЖАН

Ақбөпе Әбілқасымова/facebook.com/akbope.akb

Қазақстанның жерін Ленин мен Кеңес үкіметі алып берді деген депутат Ақбөпе Әбілқасымова өзін дұрыс түсінуге шақырды.

Ол өзін сынағандарға Қазақстан тарихын қайталап оқуға кеңес берді, деп хабарлайды Экспресс К.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакция рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымова өзінің шулы мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Оның айтуынша, БАҚ екі жыл бұрынғы, оның досына жазған пікірді жариялаған. Халық қалаулысының бұл мәлімдемесі ғаламторда қызу талқыланды. Ол өзін сынағандарға мектеп бағдарламасындағы кітапты оқуға кеңес берді.

"Қазақстан жерін большевиктердің күшімен алынғанын кітаптан оқып алcаңыздар болады. Мен тәуелсіз Қазақстанның патриоты екенімді айтқым келеді. Тарихқа үңілетін болсақ, Қазақстан 1783 -1917 жылдары Ресей Империясының құрамында болған. Ал мына пікір революция мен Лениннің Қазақстан тарихындағы рөлі туралы досымның жазбасына жазылған пікір болатын. Бұлай қатты талқыланады деп ойлаған жоқпын. Қазақстан 1783-1917 жылдары Ресей ипериясының құрамында болған. Қазақстан тарихының кез келген оқулығын ашып, оқып алыңыздар", — деді депутат.

Ал желі қолданушылары депутаттың бұл пікірін сынап тастады.

"Тарихты терең білмеген пенде саясатқа араласуға асықпасын! Алдымен, бүкіл тарихпен танысып алсын!", "Депутаттықтан тез арада босатып, соғысқа жіберу керек, Алаш арыстары көрсе, қайғыдан қан жұтар енді...", "Кешірші, бізді, Не ұлтқа, не қызметке құрметі жоқ сорлыларды тыңдап жүрген бізде де ес жоқ", "Жетіскен екенбіз, депутат халықты ойламайды", — деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

Экспресс К Қазақстанның жерін Ленин мен Кеңес үкіметінің арқасында алдық деген депутаттың мәлімдемесін бұған дейін жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров