Қызмет

Енді бір компанияда екі туыстың жұмыс істеуіне қатаң тыйым салынбақшы

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елімізде квазимемлекеттік компаниялардың басқарма құрамы мен директорлар кеңесінде жақын туыстардың болуына қатаң тыйым салынбақшы.

Қазіргі кезде осындай заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

QAMS (Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы) осындай бастама көтеріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінген. Өз кезегінде Антикор тиісті заң жобасын әзірлеу барысында мемлекеттік компаниялардың басшылық құрамында жақын туыстардың болуына тыйым салу қарастырылатынын айтқан.

"Ерлі-зайыптылардың, жақын туыстар мен жекжаттардың квазимемлекеттік сектордың атқарушы органында қызмет атқаруына тыйым салуды енгізу мүдделер қақтығысының алдын алуға көмектеседі деп санаймыз", — деп жазылған Антикордың хабарламасында.

Қазіргі кезде еліміздің заңнамасы жақын туыстардың мемлекеттің қатысы бар компанияларда жұмыс істеуіне шектеу қоймайды. Тек бір-біріне тікелей бағынышты болмаса болғаны.

QAMS мысал ретінде "ҚазТрансОйл" АҚ-да болған жағдайды келтіреді. 2019 жылдан бастап ағалы-қарындас Ален Таңатаров пен Шара Әділова компанияның басқарма құрамында жұмыс істейді. QAMS деректері бойынша мұндай корпоративтік тәжірибелер мүдделер қақтығысының қаупін тудырады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына теріс әсер етеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров