Әуежай

Ақтөбе әуежайында бірнеше авиарейс кешікті

Кәмшат ҚОПАЕВА

© Асем МИРЖЕКЕЕВА

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу кезінде кеше кешке арнайы техника істен шықты.

Соның салдарынан бірнеше рейс кешікті, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтөбе халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Дастан Малиевтың айтуынша, істен шыққан техника эвакуацияланып, қазір оны жөндеп жатыр.

Ал кеше кешке осы жағдайға байланысты төрт рейс кешіккен.

Олар — SCAT DV 711 Алматы — Ақтөбе, SCAT DV Нұр-Сұлтан — Ақтөбе, IR ASTANA КС 965 Нұр-Сұлтан — Ақтөбе, QAZAQ AIR IQ 366 Түркістан — Ақтөбе.

Сонымен қатар, SCAT DV 712 Ақтөбе — Алматы, SCAT DV 722 Ақтөбе — Нұр-Сұлтан, AIR ASTANA КС 966 Ақтөбе — Нұр-Сұлтан, QAZAQ AIR IQ 400 Ақтөбе — Нұр-Сұлтан рейстерінің ұшып шығуы кешіктірілді.

Жалпы әуежайдағы жөндеу жұмыстары 17-ші наурызға дейін жалғасады. Осыған байланысты ұшу-қону күндіз тоқтатылып, түнде ғана жүзеге асады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров