Мұғалім

Министрлік сабақ кезінде мұғалімді боқтаған оқушыға қатысты пікір білдірді

Экспресс К

Видеодан кадр

Білім және ғылым министрлігі ұстазға қатты сөйлеп, былапыт сөздер айтқан 9 сынып оқушысының әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Талдықорғандағы №4 мектепте 11 наурыз күні болған, деп хабарлайды Экспресс К.

"Биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен. Педагог полиция бөліміне арыз жазған. Қазіргі таңда оқушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды. Кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған. Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды", — деді Білім және ғылым министрлігіндегілер.

Бұдан өзге ведомствадағылар ұстазға дөрекілік танытып, былапыт сөздерді қарша жаудырған оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселесі қаралатынын алға тартты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров