Геннадий Зюганов

АҚШ Қазақстан туралы арандатушылық мәлімдеме жасаған Зюгановқа санкция салды

Экспресс К

© РФ/ТАСС 

АҚШ ресейлік коммунистік партияның көшбасшысы Геннадий Зюганов пен мемлекеттік думаның бірқатар депутаттарына санкция салды.

Бұл тізімде бизнесмен Виктор Вексельберг пен ВТБ банкі басқармасының бұрынғы және қазіргі 10 мүшесі де бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Іnterfax.ru мәліметінше, санкцияға ілінгендер банктің басқарма мүшелері болған, бұрын және қазір жоғары лауазымды жетекшілер. Сонымен қатар Ресейдің қаржылық қызмет көрсету саласында еңбек еткен. Тізімде Максим Кондратенко, Ольга Дергунова, Эркин Норовтар да бар.

Tass.ru мәліметіше, АҚШ билігі ресейлік коммунистік партияның көшбасшысы Геннадий Зюганов пен тағы 10 депутатқа санкция салды. Олар мемлекеттік думаға Донецк пен Луганск халықтық республикасының тәуелсіздігін тану туралы үндеу жобасын ұсынған.

Геннадий Зюгановпен бірге санкцияға салынғандар қатарында Иван Мельников, Владимир Кашин, Николай Коломейцев, Юрий Афонин, Дмитрий Новиков, Леонид Калашников, Казбек Тайсаев, Евгений Бессонов, Николай Осадчий, Алексей Куринный бар. Шектеу шараларына ілінгендер қатарында мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин де бар. АҚШ Қаржы министрлігінің дерегінше, оған 2014 жылы да санкция салынған болатын.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің әйелі мен балаларына да санкция салынғанын хабарлаған.

Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Зюганов Қазақстандағы орыстілді азаматтарды ұлтшылдардан қорғау керегін алға тартқан еді. Оның мәлімдемесіне еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауап берді. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстан туралы арандату мақсатында сөйлеп жүргендерді 50 жылға дейін елге кіргізуге шектеу қою керектігін айтты. Көп ұзамай еліміздегі орыстар Зюгановтың айтқаны шындыққа жанаспайтынын, Қазақстанда керемет өмір сүріп жатқандарын айтып, видеоүндеу жолдады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров