Прокуратура

Мәсімовтен асып түсті. Асхат Дауылбаевтың ұлының ақ сарайы қандай?

Ержан ШАЙЖАН

Асхата Даулбаев/©exclusive.kz/Коллаж ЭК

Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың ұлы, Рахат Дәрмештің Алматыдағы үйі ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Рахат Дәрмеш еліміздегі ең табысты кәсіпкерлердің бірі.

Ғажап үйдің құрылысына 5 миллион доллар жұмсалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Рахат Дарместің суреті парақшадан facebook.com

Қазақстанда 2011-2016 жылдары бас прокурор болған Асхат Дауылбаевтың баласының үйі журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланды. Онда Рахат Дәрмештің тұратын ғажап хан сарайының суреттері көрсетілген. Оның жазуынша, үйдің құрылысына жер телімін қоспағанда, 5 миллион доллар жұмсалған.

Медеу мұз айдынынының жанында орналасқан үйдің ішінде 25 метрлік бассейн де бар. Желі қолданушылары Дауылбаевтың ұлының үйі Кәрім Мәсімовтің үйінен әлдеқайда мықты екен — деп пікір қалдырып жатыр. Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысының үйінен табылған байлық туралы Экспресс К бұған дейін жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров