Иманғали Тасмағамбетов
Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовті тексеруге қатысты ресми жауап берді


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Еліміздің Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовті тергеу тобы тексеруді бастады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "Астана LRT" ЖШС-іне қатысты жымқыру фактісі бойынша Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Бас прокуратура бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Біз азаматтарымызды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз" делінген мәлімдемеді.
Еске салсақ, бұған дейін Бас прокуратураның Иманғали Тасмағамбетовті тексеруді бастағаны туралы ақпарат шыққан болатын.
Бөлісу