"Атырауда барлық орыс қазақша сөйлейді" (видео)


Видеодан кадр
Бірнеше орысты қазақша сөйлеткен жігіттің видеосы желіде таралып кетті.
Атыраулық орыстардың қазақша сөйлегеніне көпшілік әртүрлі пікір жазды, деп хабарлайды Экспресс К.
Біреулер бұған таңғалмау керек екені туралы айтса, тағы бір топ ана тілін білмейтін қазақтарға үлгі етуді ұсынды.
"Респект. Тіл үйреніңіздер, одан ешқандай жамандық көрмейсіздер", "Жарадыңдар, балаларым", "Әр азамат өзі тұратын елдің тілін білуге міндетті. Бұдан таңғаларлық ештеңе көрмедім",
Жігіттердің киіз үй маңында жүргеніне қарағанда видео Наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген болуы мүмкін.
Айта кетейік, Ресей Коммунистік партиясының лидері Геннадий Зюганов Қазақстан туралы мәлімдеме жасаған болатын. Кейін оған Сыртқы істер министрлігі жауап берген еді. Одан бөлек, елдегі өзге ұлт өкілдері де түрлі видеолар түсіріп, баршаны татулыққа, достыққа сызат түзірмеуге шақырды.
Сондай-ақ қазақстандық басқа да орыстар Жириновский мен Зюгановқа қазақша жауап берді.
Бөлісу