Қант

Көкшетауда қант бағасы шарықтап, халық жан таласып сатып алып жатыр (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр/instagram.com/netip.kokshe

Көкшетау тұрғындары таласып қант сатып алып жатыр.

Видеодан кадр/instagram.com/sko_revizorВидеодан кадр/instagram.com/sko_revizor
Видеодан кадр/instagram.com/sko_revizor

Ұзын-сонар кезекке тұрған халықтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеоны Instagrаm-дағы жергілікті пабликтер жариялады. Бейнежазбадан сауда орталығындағы халықтың жан таласып жатқанын көруге болады.

Желіде тараған тағы бір видеода Көкшетаудағы көтерме сауда орындарына халық жаппай кезекке тұрғаны жазылған. Себебі өңірде қант бағасы бірден өсіп, 25 келісі 10250 теңгеге жетіпті.

Желі қолданушылары олардың бұл әрекетін түсінбей дал болды. Олардың жазуынша, жергілікті әкімдік қант қоры жазға дейін жеткілікті екенін, кезекке тұрып жаппай сатып алудың қажеті жоқ екенін айтқан.

"Тосап жабатын мезгіл емес қой, неге сонша таласып жатыр?", "Адамдар, сендерге не болған?", "Жабайылық қой мынау", "Кезекті өз қолдарынан жасап отыр", "Халайық, сабырға келіңіздер. Бәрі дұрыс қой, осыдан кейін, әрине, баға қолдан шарықтайды", "Қант қоры тамыз айына дейін жеткілікті деді ғой. Одан кейін тағы әкелінеді" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров