Тас жол

Арқалық-Торғай бағытында бірнеше жолаушы жолда қалды (видео)

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Видеодан кадр

Жолға шыққан көлік жүргізушілері орта жолдан үйлеріне оралуға мәжбүр болды.

Бүгін күн райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, Адаевка-Орқаш-Аралкөл және Қойбағар-Қарасу-Севастополь тас жолдары да жабылған. Ал түс ауа Арқалық-Торғай тас жолын қар басып қалды. Соның салдарынан жолаушылар жолда қалып, кейбірі жаяулап кейін қайтуға мәжбүр болды.

Боранда жол азабын тартқандар өздері түсірген видеоларын таратып жатыр.

Ешқайда шықпаңыздар. Арқалыққа жете алмай, үйге қайтып барамыз,

— дейді бейнежазба авторлары.

Әзірге қанша көліктің қар құрсауында қалып, неше адамның құтқарылғаны туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының ТЖД Республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ автожолындағы кептеліс туралы мәлімдеген болатын.

Орал-Тасқала-РФ бағытындағы тас жолдың 103-104 шақырымында 15 жүк көлігі бір тәулік бойы кептелісте тұрған. ТЖД-нің мәліметінше жүргізушілердің тамақтары таусылған. Қардың биіктігі 2 метрден асатындықтан "Қазавтожол" ЖШС қар жинау техникасы баяу жұмыс істеп жатыр. Тасқала ауданының жедел штабы оларға Триколмен азық-түлік жеткізуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров